12:34, 08 Қараша 2019 | GMT +6
«Нұр-Сұлтан-Щучинск» жолы ашылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Нұр-Сұлтан-Щучинск» жолында көлік қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтан-Щучинск» ақылы учаскесінің 18-231 шақырымы аралығында жол жабыны қалпына келтірілді. Жол тазаланып, көктайғақ жойылғандықтан сағат 11:30-дан бастап жол қозғалысы барлық автокөліктер үшін ашық», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, таңертең «Нұр-Сұлтан-Щучинск» автожолы көктайғаққа байланысты жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін шектеу қойылған болатын.