«Нұр-Сұлтан» теміржол стансасының атауы өзгереді

«Ашық НҚА» порталында Көлік министрлігінің бірнеше теміржол стансасы мен разъездің атауларын өзгерту туралы қаулы жобасы жарияланды, деп хабарлайды Kazinform

вокзал
Фото: Polisia.kz

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «БП Ақмола бөлімшесі» филиалының «Нұр-Сұлтан» теміржол станциясы «Астана» теміржол станциясына;

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «БП Ақмола бөлімшесі» филиалының «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» теміржол станциясы «Нұрлы жол» теміржол станциясына өзгертілсін», — делінген құжатта.

Сондай-ақ, Жетісу облысындағы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «БП Алматы бөлімшесі» филиалының «№13» теміржол разъезі «Ақши» теміржол разъезіне;

Қызылорда облысындағы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Батыс» филиалы Қызылорда бөлімшесінің «№26» теміржол станциясы Жетітөбе станциясына;

Маңғыстау облысындағы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Батыс» филиалы Маңғыстау бөлімшесінің «№1» теміржол разъезі «Күйкен» теміржол разъезіне;

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Батыс» филиалы Маңғыстау бөлімшесінің «№10» теміржол разъезі «Боздақ» теміржол разъезіне;

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Батыс» филиалы Маңғыстау бөлімшесінің «№ 460» теміржол разъезі «Сарға» теміржол разъезіне;

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Батыс» филиалы Маңғыстау бөлімшесінің «Тірек» теміржол станциясы «Боранқұл» теміржол станциясына;

Атырау облысындағы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Батыс» филиалы Маңғыстау бөлімшесінің «Майкөмген» теміржол разъезіне «Толтыр» теміржол разъезіне өзгертіледі. 

Соңғы жаңалықтар