03:00, 13 Наурыз 2020 | GMT +5
Нұр-Сұлтан және өзге 5 қалада ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 13 наурыз күні еліміздің 6 қаласында қолайсыз метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, жұма күні Қарағанды, Алматы, Өскемен, Балқаш, Нұр-Сұлтан және Теміртау қалаларында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады.
Өзге шаһарларда метеожағдай қалыпты нормада болады.
Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.