Нұр-Сұлтанда 244 мүлік иелері бірлестігі құрылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың 4 ауданында 244 мүлік иелері бірлестігі құрылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтанда 244 мүлік иелері бірлестігі құрылған

Бұл туралы НұрСұлтан қаласының тұрғын және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Асылбек Есімбаев онлайн режимде өткен қоғамдық тыңдауда айтты.

«Бүгінде астанамызда 3056 көпқабатты үй бар. Олардан 244 мүлік иелері бірлестігі құрылды. Алматы ауданы бойынша – 68, Байқоңыр ауданы бойынша – 28, Есіл ауданы бойынша – 122, Сарыарқа ауданы бойынша – 31 МИБ жұмыс істеп тұр, - деді басқарма басшысы.