Нұр-Сұлтанда 35 шақырым нөсер кәрізі жүйесі тазаланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 35 шақырым нөсер кәрізі жүйесі тазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда 35 шақырым нөсер кәрізі жүйесі тазаланды

Су тасқынына қарсы шаралар аясында «Elorda Eco System» кәсіпорыны елордадағы нөсер кәрізі мен арық желісі бойынша қызмет көрсету жұмысы жалғасуда. Оған 40-тан астам арнайы техника мен 75 жұмысшы жұмылдырылды. 175 мың текше метрден астам су сорылды.

Нөсер желісінің жалпы ұзындығы – 509 км, оның ішінде 2020 жылы 341,8 км аудандар әкімдігіне қарасты кәсіпорын меншігіне берілді.

Есепті кезеңнің басынан бері 35 мың метрден астам коллектор тазартылды. 4 мыңға жуық бақылау және жаңбыр қабылдағыш құдықтар тазартылды. Қала бойынша барлығы 51 407 метр арық науа желілері, оның ішінде бүгінгі күні 32 мың метрден астамы тазартылды.

Арықтар мен құдықтардан 2 500 тоннаға жуық тұнба мен тұрмыстық қатты қалдық экополигонға шығарылды.


Бараев көшесіндегі № 16 үй ауданындағы автобус жолағының су басуын болдырмау үшін, осы учаскедегі магистральдық коллекторға ойып салынған қосымша жаңбыр қабылдағыш құдықтар орнатылды.

Атап айтсақ, Ж.Тәшенов көшесі (тұйықты құдықтан ойып салу); Аман көшесі; Янушкевич көшесі; Мәңгілік ел даңғылы 29; Сарыарқа ауданы Агроқалашық т.м.; Сүмбе көшесі (4 құдық орнатылды); Медеу көшесі; Самал аялдамасы «Рамстор».

67 орама құдық пен жаңбыр қабылдағыш тор анықталды және қалпына келтірілді.

Кәсіпорын Бараев көшесі мен Тәуелсіздік даңғылындағы коллекторды тазалау барысында құрылыс қоқысы тасталғаны анықталды, ол учаскеге төгілген бетон қатып қалған. Барлығы 30 текше метрден астам бетон бұзылып, шығарылды.

Кәсіпорын мамандары ағымдағы және күрделі жөндеуді, сондай-ақ істен шыққан жабдықты штаттық режимде ауыстыруды күнделікті жүргізуде.