Нұр-Сұлтанда ахуал орталығы ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада ахуал орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда ахуал орталығы ашылды

«Қалада эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бірқатар шешім қабылданды. Біріншіден, жедел медициналық көмек базасында байланыс орталығы құрылды. Онда дереу талдау жасалып, кеңес беріледі. Бұл - күніне шамамен 500 өтінім. Сондай-ақ қалалық аумақтық емханаларда жауапты тұлғалармен байланыс орталығы құрылды. Олар туралы ақпарат интернет-ресурстарда қолжетімді. Қаламыздағы iKOMEK ақпарат орталығында медициналық ұйымдардың әр басшысына арналған мобильді қосымша бар. Өтінімдер бірден олардың мобильді қосымшасына түседі», – деп түсіндірді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова. ⠀

Сәуле Қисықова елордада ахуал орталығы құрылып, онда қаланың төсек-орын қоры КВИ және науқастар ағымымен реттелетінін атап өтті.

«Жоспарлы амбулаториялық-емханаға баруды уақытша тоқтату есебінен бұл кадрлық ресурстар қосымша жедел медициналық жәрдем бригадаларын құруға бағытталды. Жақында 32 бригада құрылды. Бүгінде қалада 150 бригада жұмыс жасауда», — деді ол.