Нұр-Сұлтанда ашылған жаңа мешітке автобус қатынайтын болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - №43 автобус бағытын өзгертіп, Мәңгілік Ел даңғылындағы жаңа мешітке дейін жүретін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «City Transportation Systems» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда ашылған жаңа мешітке автобус қатынайтын болды

«Құрметті №43 бағдар жолаушылары! 27 тамыздан бастап көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында №43 автобустың қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілетінін хабарлаймыз. Енді ол Мәңгілік Ел даңғылындағы жаңа мешітке дейін жүретін болады»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін астанада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылғаны хабарланған болатын.