Нұр-Сұлтанда ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 26 мамыр күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтанда ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, мамырдың 26-і күні атмосфералық ауаның ластануы тек Нұр-Cұлтан қаласында болжанады.

Өзге қалаларда метеоахуал қалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.