Нұр-Сұлтанда ауқымды дезинфекция шаралары жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда халық көп жиналатын орындарда - саябақтар мен жағалауда, базарлар мен сауда орталықтарында ауқымды дезинфекция шаралары жүріп жатыр. Оған қалалық дезинфекция қызметімен бірге, әскерилер де атсалысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда ауқымды дезинфекция шаралары жүргізілуде

«Қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Палиеваның қаулысымен сауда-ойын-сауық орталықтары мен базарларда және адам көп жиналатын орындарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуі тиіс», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі Instagram парақшасында .

Айта кетейік, 20-21 маусым күндері елорда мен бірқатар өңірлерде карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі.