Нұр-Сұлтанда автокөлік жанып кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда BMW маркалы автокөліктің қозғалтқыш бөлігі мен салоны жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтанда автокөлік жанып кетті

«Бүгін, 7 маусым күні сағат 17:12-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері кезекті шақыруға шықты. Өрт сөндірушілер оқиға орнында BMW маркалы автомашинаның қозғалтқыш бөлігі мен салоны жанып жатқанын анықтады. Өрт 17:34-те сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп түсіндірді елордалық Төтенше жағдайлар департаменті.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД жеке құрамынан 5 адам және 1 техника жұмылдырылған.