Нұр-Сұлтанда аяз салдарынан 0-4 сыныптардағы сабақтар қашықтан өткізіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – елордалық білім басқармасы 7 желтоқсанда 0-4 сыныптардың бірінші ауысымындағы оқушыларға сабақтар қашықтан өтетіні туралы хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат Елорда Инфоға https://elorda.info/ сілтеме жасап.
«07.12.2020 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінде бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына көшеді», — дейді Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы.