Нұр-Сұлтанда әйелдер мейрамында 51 нәресте дүниеге келген
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық әйелдер күні елордада 51 сәби дүние есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, 8 наурыз күні бір тәулік ішінде қала перзентханаларында 51 шақалақ дүниеге келген.
Екі жыл қатарынан бұл күні туу көрсеткіші бойынша ұл балалар көш бастап тұр – 32, ал қыз балалар саны – 19.
Сәбилердің де, аналарының да жағдайы жақсы.