Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 136 жол-көлік оқиғасы тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі полиция департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 136 жол-көлік оқиғасы тіркелді

«Көлік кептелісінде қалмай, қалыпты жылдамдық пен қауіпсіз қашықтықты сақтау үшін сіз өзіңіздің бағдарыңызды алдын ала жоспарлауыңыз керек. Жүргізушілер үшін ең қауіпті шақ - көліктердің тежеу қызметіне кедергі келтіретін алғашқы қардың жауған кезі. Осыған байланысты сізден жазғы дөңгелектермен жолға шықпауларыңызды ескертеміз, - деді Нұр-Сұлтан ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығының орынбасары Сымбат Шоқытаев.

Оның мәліметінше елордада кейінгі тәулікте 136 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бір күннің ішінде ғана жол-көлік оқиғаларының саны 45 пайызға көбейген.

Ауа-райының бұзылуына байланысты полиция бөлімшелері күндіз күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қала көшелерін қардан тазарту үшін жеке құрам мамандандырылған техникаларға еріп жүреді. Қар құрсауында қалған көлік иелеріне барынша көмек көрсетіледі.