Нұр-Сұлтанда биыл 667 қылмыс бейнекамераның көмегімен ашылған

«Жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен 667 қылмыс және 8 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық әшкереленді. Оның ішінді кішігірім бұзақылық, қоғамдық орында ішімдік ішу, жол жүру ережесін бұзу сынды құқық бұзушылықтар бар», - деді Қайрат Раушанов БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында.
Оның атап өтуінше, жыл сайын бейнебақылау жүйелерін, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында өзара іс-қимыл бағдарламаларын одан әрі дамыту жоспарлы түрде жүргізіліп келеді.
Мәселен, 2021 жылы «Ашық платформаға көше отырып, ЖБО бейнебақылау жүйесін жаңғырту жобасы енгізілді.
Осы жобаны іске асыру барысында жаңа серверлік жабдық орнатылды.
Жедел басқару орталығы бейнебақылау операторларының жұмыс орны жаңартылды.
«Қазіргі уақытта елордалық полиция департаменті 28 мыңнан астам бақылау камерасын пайдаланып отыр. Олардың негізгі бөлігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында орнатылған. Мысалы, «Сергек» ақпараттық-бағдарламалық кешенінің 13 мың камерасы, мемлекеттік білім беру мекемелерінде орнатылған 4 мыңнан астам камера, тұрғын үйлердің кіреберістеріндегі 5,5 мың камера бар», - деді орталық басшысы.