Нұр-Сұлтанда Хоккейден әлем чемпионаты басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «А» тобының бірінші дивизионы арасында Хоккейден әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтанда Хоккейден әлем чемпионаты басталды

«Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы тұңғыш рет қабылдап отырған бұл бәсеке 5 мамырға дейін өтеді. Хоккейден әлем біріншілігі ең жоғары деңгейде өтеді деп ойлаймын. Чемпионат құтты болсын!», - деді чемпионаттың ашылу рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов.

«Барыс Арена» мұз айдынында өтіп жатқан чемпионаттың ашылу салтанатында әнші Гүлнұр Оразымбетов ән шырқап, мәнерлеп сырғанаушылар тобының әлем біріншілігіне арнайы әзірлеген өнері көрсетілді.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Словения ойнап жатыр. Ойында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов тамашалауда.
null
null null null null nullnull null