Нұр-Сұлтанда із-түзсіз жоғалған 27 жастағы тұрғын іздестіріліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті із-түзсіз жоғалған 1994 жылы туған Данияр Қуанышұлы Мұқанды іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

2021 жылдың 16 қыркүйегінде сағат 02.45 кезінде Данияр Мұқан үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

«Оның бойы - 193 см, арық денелі, қара шашты, қой көзді. Қара сырт киім, қызыл футболка, көк түсті джинсы, ақ-қара түсті кроссовки киген. Ол денсаулығына байланысты тіркеуге алынған. Қандай да бір ақпарат білетіндер Нұр-Сұлтан қалалық ПД «Есіл» аудандық полиция басқармасына мына телефондар бойынша хабарласуын сұраймыз: 8(7172) 71-65-53, 71-65-57, 71-65-58, +7 (702) 199 19 11, немесе «102», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар