Нұр-Сұлтанда кафе жанынан салынған монша өртенді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда кафе жанынан салынған монша өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда кафе жанынан салынған монша өртенді

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына барғанда кафе жанынан салынған моншаның төбесі өртенгенін анықтады. Жалын 10 шаршы метр аумаққа жайылған», - деп хабарлады агенттікке Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

ТЖ департаментінің хабарлауынша, сағат 21.40-та тілсіз жаудың айналаға таралуы тоқтатылды және толығымен сөндірілді.

«Моншаның төбесі металл шатырмен жабылған. Қазір шатырларды алу, реттеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиғадан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ», - дейді төтенше жағдайлар департаменті.