Нұр-Сұлтанда қалың қар жауып, боран соғады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер елордада 12-15 ақпан күндері жауын-шашын, боран және екпінді жел болады деп болжап отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтанда қалың қар жауып, боран соғады

Ертең, 12 ақпанда Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, қар жауып, боран соғады.

Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 4-6 градус аяз болады.

13 ақпанда көшпелі бұлт шығады, кей тұстарда қар жауып, бұрқасын болады деп болжанып отыр.

Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 3-5 градус аяз болады.

Дүйсенбі, 14 ақпан күні синоптиктердің болжамынша, күндіз қар жауып, боран соғады.

Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 1-3 градус аяз болады.