Нұр-Сұлтанда «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының финалы өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Байқау 2 мамырда Нұр-Сұлтандағы Номад-холда өткізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының арнайы жобасы бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен танымдық роликтер жиынтығы жасалады. Бұл көркем, қысқа фильмдерде өңірлік турдың жеңімпаздары өз өңірінің туристік мүмкіндіктерін көрсетеді.

Мысалы, «Өскемен аруы» бірегей Рахман қайнары туралы, «Ақтөбе аруы» «Үйтас» табиғи ескерткіші жайлы, «Шымкент аруы» «Ақ мешіт» үңгірі туралы әңгімелеп береді...

Қыздар өзінің туған өңірлерінің көрнекті жерлерін бар мейіріммен әрі мақтанышпен таныстырады, ерекше табиғи және археологиялық нысандарды өз көздерімен көріп, тамашалау үшін саяхатшыларды өздерінің туған өңірлеріне шақырады.

«Қазақстан аруы - 2019» ұлттық байқауы - имидждік шаралардың бірі болғалы тұр. «Қазақ туризм» - ұлттық бренд-менеджер ретінде елімізде өтіп жатқан ауқымды шараларды үйлестіріп, туризмге пайдалы болуын ойластырады. Мәселен, елордада жыл сайын өткізілетін Астана экономикалық форумы, әлбетте, аясы мен келетін ықпалды адамдары тұрғысынан өте ауқымды шара. Ол ықпалды адамдардың сөздері әлемнің үздік ондаған телеарналарында беріледі. Бірақ, өкінішке орай, АЭФ-те жаһандық мәселелер көтерілгенімен, Қазақстанды туристік тұрғыда жарнамалау жоқ. Біз ендігі кезекте әрбір осындай шараны қайта форматтап, өз контентімізді көрсетіп, Қазақстанның көрікті жерлерін бір көрсетіп қалуға тырысатын боламыз», - дейді «Спутник Қазақстан» баспасөз орталығында өткен брифинг барысында «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев.

Жаңа формат аясында «Дүниежүзі аруы» және «Әлем аруы» сияқты ірі әлемдік байқауларға арналған таныстырылым роликтері түсіріледі. Бұл ретте роликтер Ұлы даланың киелі жерлеріне, Қазақстан Республикасының бірегей географиялық және табиғи ландшафттарына арналмақ. Ұлттық компания осы халықаралық жобалардағы медиа алаңдардың жоғары рейтингісі арқылы ықтимал туристердің барынша ауқымды аудиториясын тартуды көздейді.

Соңғы жаңалықтар