Нұр-Сұлтанда көмір тапшылығына не себеп

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада көмір дефицит болып отыр. Бүгін осы жағдайдың себебі айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясы отырысында көмір тапшылығы мәселесі көтерілді.

Оған қатысты Нұр-Сұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлышев түсінік берді.

«Қала аумағында көмір сататын 12-13 орталық бар. Олар жеткілікті көмір көлемімен қамтылды. Бұл жердегі мәселе - көмірді қала тұрғындарымен қатар елордаға жақын маңдағы Ақмола облысына қарайтын елдімекен тұрғындары да келіп алып жатыр. Көмірдің бағасына келсек, тоннасы - 12-13 мың теңгеден. Тағы бір ескеретін жайт, көмір сатумен айналысатын делдалдар бар, біз қазір бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Күні кеше ғана министрлікте көмір тақырыбына арналған жиын өтті. Мәселе 2-3 күннің ішінде шешіледі деп күтудеміз», - деп жауап берді Төлеген Құлышев.

Оның айтуынша, бүгінде елордада Шұбаркөлден басқа көмір түрлері жеткілікті.


Соңғы жаңалықтар