Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар велосипедті 50% жеңілдікпен жалға алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада велосипедті жалға беру қызметін бұдан былай көпбалалы аналар мен соғыс ардагерлері жеңілдікпен пайдалана алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар велосипедті 50% жеңілдікпен жалға алады

Бұл жөнінде City Transportation Systems компаниясы мәлімет таратты.

«Елорда велосипедшілері үшін жақсы жаңалық. 1 шілдеден бастап жеңілдік ала алатындар саны көбейеді. Енді 50% жеңілдікті тек студенттер, зейнеткерлер мен ерекше қажеттілігі бар адамдармен қоса, тағы бірқатар санаттар ала алады» деп мәлім етті компания.

50% жеңілдік берілетін азаматтар:

- Екінші дүниежүзі соғысы ардагерлері мен мүгедектерi және соларға теңестiрiлген адамдар;

- Ауған соғысы ардагерлері;

- Көпбалалы аналар;

- Көпбалалы отбасылар;

- Ерекше қажеттілігі бар балалар, соның ішінде ата-анасының біреуі (заңды өкіліне);

- Барлық топтағы мүгедектер.

Айта кету керек, жеңілдік тек Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға беріледі. ⠀

Абонемент жеңілдікпен бірге мынанша тұрады:

Маусымдық - 5 000 тг.

Тоқсандық - 3 000 тг.

Еске сала кетейік, елордалық велосипед жалдау қызметін 16 жастан бастап пайдалануға болады.

«Көпбалалы отбасылар» санаты бойынша жеңілдік мемлекеттік жәрдемақы алатын ата-ананың біреуіне беріледі. Сондай-ақ ол CTS жеңілдігі бар тұлғалар базасында болуға тиіс.