Нұр-Сұлтанда майнингтік ферма қызметінің жолы кесілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің астаналық департаменті ҰҚКД-мен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы өнеркәсіптік базалардың бірінде өз қызметін жүзеге асырған майнингтік ферманы анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМА Telegram-каналына сілтеме жасап.
«Майнингке арналған 56 жабдық табылды. Ақшалай түрде өндірілген криптовалютаны 237 000 АҚШ доллары көлемінде қолма-қол ақшаға айналдыру жүргізілген. Тергеу шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.