Нұр-Сұлтанда ПТР зертханаларының саны артты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада ПТР тестілеуді өткізу үшін тәулігіне 12 мыңнан астам зерттеу жүргізетін 23 зертхана жұмыс істейді. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«Жалпы саны 2100 адамнан тұратын кадрлық резерв қалыптастырылды. Коронавирус инфекциясы бар науқастарды диагностикалау және емдеу бойынша медициналық қызметкерлерді оқыту жүргізілді. Сүзгі-кабинеттер өз жұмысын жалғастыруда, пациенттерді қашықтан бақылау күшейтілді», - деді Т.Мұратов.
Ол сондай-ақ өкпенің жасанды желдеткіші, КТ, рентген аппараттары жеткілікті, оттегі резервуарлары мен шамдар орнатылғанын айтты.