Нұр-Сұлтанда соңғы пациент коронавирустан толық айығып, нәрестесімен ауруханадан шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19-дан емделген соңғы науқас жаңа туған нәрестесімен бірге ауруханадан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, жаңа б осанған әйел жұқпалы аурулар ауруханасына тамыздың басында коронавирус жұқтырып, орта дәрежедегі пневмониямен түскен. Оның тынысы тарылып, шұғыл операция жасалды. Бала аман-есен дүниеге келді. Аурудан таза айығуына байланысты ана мен бала ауруханадан шығарылды.

17 тамызда №1 көпбейінді қалалық аурухананың акушерлік бөлімшесі коронавирустен соңғы науқастың емделіп шығуына байланысты жұқпалы аурулар ауруханасы ретінде қызметін тоқтатып, штаттық режимде жұмыс істеуге дайындалуда.

Әйелдің туыстары аурухананың барлық қызметкерлеріне, дәрігерлерге алғыс білдірді.

«Дәрігерлердің тынымсыз еңбегінің арқасында балаларымыз аман-сау үйге оралды» дейді олар.

№1 көпсалалы қалалық аурухананың акушерлік бөлімшесі 17 маусымда жұқпалы аурулар ауруханасы болып қайта құрылып, коронавирус инфекциясы бар жүкті әйелдерге көмек көрсетті. Мұнда барлығы 779 науқас емделді, олардың ішінде 378-і ауыр және орташа пневмониямен түскен. Барлық жұмыс кезеңінде инфекциялық акушерлік бөлімде 351 нәресте дүниеге келді.


Соңғы жаңалықтар