Нұр-Сұлтанда стенд атудан Қазақстан кубогының үшінші кезеңі басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда төрінде стенд атудан Қазақстан кубогының үшінші кезеңі және нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтанда стенд атудан Қазақстан кубогының үшінші кезеңі басталды

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, нысана көздеуден жасөспірімдер додасына еліміздің алты аймағынан 75 спортшы қатысуда.

Атап айтар болсақ, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облысының жас мергендері ел чемпиондығына таласады.

Ал стенд атудан Қазақстан кубогының үшінші кезеңіне 130 спортшы қатысып жатыр.

Стенд атушылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда және Павлодар облыстарынан жиналған.