Нұр-Сұлтанда супермаркеттер мен гипермаркеттер тәулік бойы жұмыс істейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25 желтоқсаннан бастап елордада сауда алаңы 2 мың шаршы метрден асатын гипермаркеттер мен супермаркеттерге тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, елорда басшысы Алтай Көлгінов үлкен кезектердің пайда болуына жол бермеу үшін жаңажылдық мерекелер қарсаңында объектілерді тәулік бойғы жұмыс режиміне ауыстыруға рұқсат беруді тапсырды.

«Мереке қарсаңында дүкендерде келушілердің саны көбеюі байқалады. Үлкен кезектердің пайда болуына жол бермеу үшін жарлықта жаңа жұмыс кестесі белгіленді. Аумағы 2 мың шаршы метрден асатын супермаркеттер мен гипермаркеттер жұмыс уақытында шектелмейді. Келушілер саны 30% аспауы керек. Жер-жерлерде объектілердің басшылары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып жұмысты ұйымдастыруы керек», - деді қаланың санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.


Соңғы жаңалықтар