Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі жалға алынған көліктердің катализаторын ұрлаған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары кезінде катализатор ұрлады деген күдікпен 39 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі жалға алынған көліктердің катализаторын ұрлаған

«Такси жүргізушісі «Смарт такси» ЖШС-не тиесілі «Chevrolet Cobalt» автокөліктерінен катализаторын ұрлап кеткен. Екі күннің ішінде әрқайсысының құны 830 мың теңге болатын үш автомобиль катализаторын қолды етті. Ұрланған катализаторларды металл қабылдау орнына төмен бағамен өткізген. Жүргізушінің автокөліктерді ТҚС-ға апарғаны және онда автомеханиктер ақысына катализаторларды кесіп бергендері анықталды», - делінген департамент мәлімдемесінде.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті кінәсін мойындаған. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.