Нұр-Сұлтанда төмен бағамен мектеп жәрмеңкесі өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында мектеп тауарларының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
None

Жәрмеңке «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылады және 25-28 тамыз аралығында Demalys promenad аллеясында сағат 10.00 – 19.00 аралығында өтеді.

Мұнда ата-аналар мен балалар мектепке керек-жарақтың барлық түрін таба алады: қалам, дәптер, түрлі-түсті бояулардан бастап рюкзактар мен мектеп формаларына дейін. Барлығы төмен бағада ұсынылады.

«Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, атап айтқанда, «Құқық« қоғамдық қорының және балалар мен ата-аналарға арналған психологиялық қолдау қызметінің жұмысын ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл ретте балалардың құқығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мамандардың заңдық, әлеуметтік және психологиялық консультациясын алу мүмкіндігі бар. Мектеп жәрмеңкесі концерттік бағдарламамен жалғасады», - делінген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар