Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешендерінің екі кіреберісі карантинге жабылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 сәуірде Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешендерінің екі кіреберісі карантинге жабылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Үйлер Сәтбаев көшесі 20 мен Сарыарқа көшесі 43 мекенжайында орналасқан. Дезинфекция жұмыстары жүріп жатыр. Осы екі кіреберістің тұрғындарына жақын маңдағы азық-түлік дүкендеріне шығуға ғана болады. Қалған жағдайларда үйден шығуға қатаң тыйым салынды. Дәрі-дәрмектерді тек тапсырыспен алуға болады.
Периметр бойынша қоршау белгілері орнатылды, полиция кезекшілік атқарып жатыр. 26 сәуірдегі деректерге сәйкес қала бойынша барлығы 24 тұрғын үй кешенінде 28 кіреберіс карантинге жабылды.
Абылай хан-Рысқұлбеков — Мүсірепов – Мұстафин көшелерінің қиылысында орналасқан үйлер де карантинге қоршауға алынды.