Нұр-Сұлтанда заңсыз қоқыс шығарған құрылыс компанияларына айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында заңсыз қоқыс шығарған құрылыс компанияларына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтанда заңсыз қоқыс шығарған құрылыс компанияларына айыппұл салынды

Елорда әкімдігінен мәлім еткендей, санкцияланбаған қоқыс үйінділерінің пайда болуын болдырмау, сондай-ақ экологиялық жағдайды сақтау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Экология департаменті, Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі, «Астана Эко полигоны» ЖШС және «Клин сити» ЖШС-мен бірлесіп, құрылыс нысандарына рейдтік тексерулер мен мониторинг жүргізіп келеді.
2021 жылдың қаңтар айында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті табиғат қорғау полициясы бөлімшесінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының «абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін...» 59 шағын және орта бизнес субъектісі, 10 құрылыс ұйымы («Азия Строй Групп» ЖШС, «Kaz Building Company» ЖШС, «Zhakim Invest» ЖШС) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ белгіленбеген жерге қоқыс төккен 5 жүк көлік жүргізушісіне 230 мың теңге сомасына айыппұл салынды.


Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша 844 шағын және орта бизнес субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 463 құрылыс ұйымына 35 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал белгіленбеген жерге қоқыс төккен 242 жүк көлігі жүргізушісі 11 млн теңге айыппұл төледі.
«Рұқсат етілмеген жерлерге құрылыс қоқыстарын төгудің алдын алу және қатаң шаралар қабылдау мақсатында рейдтік жұмыстар жалғасатын болады. Ал қасақана бұзушыларға құрылыс жүргізуі үшін берілген лицензиясынан айыруға, жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті тоқтатуға дейінгі қатаң шаралар қолданылатын болады», - деді әкімдіктен.