Нұр-Сұлтанда заңсыз ойын автоматтарының иелері сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.
None
None

«Заңсыз ойын бизнесінен төленбеген салықтар, кей адамдардың ойын автоматтарына тәуелділігі сынды қауіптер туындайды. Осыған байланысты құқыққорғау органдары ойын бизнесі туралы заңнама талаптарын тексеру бойынша іс-шаралар жүргізеді. Атап айтқанда, «Байқоңыр» аудандық прокуратурасы заңсыз ойын бизнесіне тосқауыл қойды», - делінген хабарламада.

Айыптылар пайдалануға тыйым салынған ойын автоматтарын халық көп жиналатын жерлерге қойып, ойыншылардың ұтылған қаржысынан материалдық пайда тауып отырған.

Алдын ала ұтылатын ойындар жүктелген 11 ойын аппараты 8 орынға қойылған.

«Аудандық прокуратура заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, 2 қылмыстық істі сотқа жолдады. 2019 жылдың 29 шілдесіндегі «Байкоңыр» аудандық №2 сотының үкімімен азаматтар Л. және Ц. ҚР ҚК 307-бабының 2-бөлігі 2-тармағы бойынша, 7 тамыздағы үкіммен азамат И. ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлігі бойынша заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп таныллы. Олар бас бостандығын шектеу және қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын алды. Сот актілері заңды күшіне енді», - деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар