Нұр-Сұлтанда жаңа бағыт бойынша автобустар жолға шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жаңа №24А бағдары іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Smart Astana Bot қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда жаңа бағыт бойынша автобустар жолға шықты

Бұл бағдар «Өндіріс» (Лесозавод) шағынауданы тұрғындарының өтініші бойынша ашылған.

«Бағдар өз қозғалысын 2020 жылдың 10 ақпанынан бастады. Жаңа бағдардың №24 бағдардан айырмашылығы қандай? №24А бағдардың қозғалыс сызбасы негізгі бағдарға қарағанда қысқа. Жаңа бағдар тек «Өндіріс» ауданына дейін жүреді. Бастапқы аялдама – «Сусамыр көшесі», соңғы аялдама – «Бастау» ауданы» делінген хабарламада.

Бағдардың қозғалыс сызбасымен мына сілтемеден танысуға болады.