Нұр-Сұлтанда және Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің бірқатар өңірінде 16 шілдеде аптап ыстық болып, найзағай ойнады, деп хабарлайды ҚазАқопарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жариялап.
None

Күндіз 16 шілдеде Атырау облысында 35-37 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 40 градус аптап ыстық болады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі бар.

16 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-38 градус ыстық болады. Облыстың оңтүстік-шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз 16 шілдеде 35 градус ыстық болады.

16 шілдеде Қостанай облысының солтүстік жартысында нөмер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 36 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал, оңтүстігінде 40 градус ыстық. Жоғары өрт қаупі бар.

Қостанай қаласында түнде 16 шілдеде нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

16-17 шілдеде Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. Күндіз облыстың басым бөлігінде 41-43 градус ыстық болады.

Түркістан қаласында 16-17 шілдеде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 41-43 градус қатты ыстық болуы мүмкін.

Шымкентте 16-17 шілдеде күндіз 40 градус ыстық болады.

16 шілдеде түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

Көкшетауда 16 шілдеде күндіз кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады.

16 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15 м/с. Облыстың оңтүстігінде ауа температурасы 35-37 градусқа көтеріледі.

Нұр-Сұлтанда 16 шілдеде таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

16 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 43 градус ыстық болуы ықтимал. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Қызылорда қаласында 16 шілдеде күндіз 43 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

16 шілдеде күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік- шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.

Павлодар қаласында 16 шілдеде күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с жетуі мүмкін.

16 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың батысында нөсер жауын жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетуі мүмкін.

Петропавлда 16 шілдеде найзағай ойнайды.


Соңғы жаңалықтар