06:29, 31 Қазан 2020 | GMT +6
Нұр-Сұлтанда және тағы екі қалада ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 31 қазан күні еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Синоптиктер мәліметінше, бүгін Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында, сондай-ақ Қарағанды облысының Балқаш қаласында атмосфералық ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.
Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.