Нұр-Сұлтанда және тағы екі өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда, Ақмола және Қызылорда облыстарында ауа райының құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.
Ақмола облысында 16 маусымда күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін, секундына 15-20 метр жылдамдықпен солтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың көп бөлігінде өрт қауіптілігінің төтенше деңгейі сақталады.
Нұр-Сұлтанда 16 маусым таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан жел соғуы мүмкін.
Қызылорда облысында 16 маусымда солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан жел жалғасады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетіп, шаңды боранға ұласуы мүмкін.
Қызылордада 16 маусым күні шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.