Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем шақырту азайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Желеухан Прімқұлов елордадағы инфекциялық стационарлардың жүктемесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде елорда коронавирусты жұқтыру әлі де «қызыл аймақта». Эпидемиологиялық ахуалдың біраз жақсаруына қарамастан, вирустың беті қайтпай жатыр. Биылғы 3 қыркүйектегі мәліметке сәйкес, инфекциялық стационарларда 1 484 науқас емделіп жатыр, бұл төсек-орын жүктемесінің 41 пайызы. Қазіргі уақытта науқастардың саны біршама азайды. Егер де тамыз айында ауырып жатқандардың саны 2900-ге дейін жетсе, қазір екі есе аз», - деді Желеухан Прімқұлов онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, соңғы аптада жаңа тіркелген жағдайларының саны күніне орта есеппен 470-ті құрайды (тамыздың бірінші онкүндігінде 1300 -ден асқан еді). Өткен тәулікте 384 жаңа жағдай тіркелді.

Сондай-ақ, реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі азайды. Бүгін реанимация бөлімшесінде 153 науқас жатыр. Жаз айларында мұндағы науқастардың саны 230 және одан жоғары болатын.

«Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарындағы мобильді бригадалар мен жедел жәрдем станциясына да жүктеме азайды. Мәселен, егер жазда жедел жәрдемге қоңыраулар саны 4 мыңға жетсе, қазір 2400 болып отыр», - деді басқарма өкілі.


Соңғы жаңалықтар