Нұр-Сұлтандағы сүрілетін үйлердің тізімін қайдан алуға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда аумағында 219 тұрғын үй апатты деп танылған. Редакцияның сауалына жолдаған жауабында әкімдік мамандары осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Өз үйіңіздің бұл тізімде бар-жоғын білу үшін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының ресми сайтына кіру керек.

«Бұзуға жататын апаттық үйлердің тізбесі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының zhil-astana.kz ресми сайтында жарияланады» дейді әкімдік өкілдері.

Мамандардың айтуынша, апатты үйлердің тізімі әр бес жыл сайын жаңартылып отыруы керек.

Қазіргі жағдай бойынша, сүрілетін үйлердің басым бөлігі Байқоңыр және Сарыарқа аудандарында шоғырланған.

«Тізім 5 жылға жасалады және оны қала әкімдігі бекітеді. Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 тұрғын үй апатты деп танылды:

«Алматы» ауданы - 10;

«Байқоңыр» ауданы - 105;

«Есіл» ауданы-2;

«Сарыарқа» ауданы – 102» деп жазылған басқарманың ресми жауабында.


Соңғы жаңалықтар