Нұр-Сұлтаннан шығатын қай жолдар жабылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта елордадан шығатын бірнеше бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының Telegram-каналына сілтеме жасап.
7 наурызда сағат 20.40-тан бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінудің нашарлауы) көліктің барлық түрлері үшін республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Киевка – Теміртау» жолының Қабанбай батыр кентінің 29-51 шақырымында – Қарағанды облысының шекарасына дейін көлік қозғалысы жабылды.
Бұдан бұрын сағат 19.30-дан бастап ауа райының тұрақтануына байланысты республикалық маңызы бар (Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті км 16-156), Нұр-Сұлтан – Ерейментау автомобиль жолдарында Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын жолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жанданды. Сондай-ақ Екатеринбург – Алматы км 917 – 1247, Нұр-Сұлтан – Астраханка учаскесі ашылды.