«Нұр жолы» бекетінде 15 күнде шетел валютасын тасымалдаудың 5 фактісі анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Нұр жолы» кеден бекетінде 15 күн ішінде шетел валютасын тасымалдау бойынша 5 факті анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
Фото: Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қорғаныс кешенінің шекаралық бақылау қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына шығудың әкімшілік залында 15 күн ішінде шетел валютасын тасымалдауға тырысудың 5 фактісін анықтады.

Қытай азаматынан 16 наурызда 10 мың АҚШ доллары, 1 100 юань және 73,5 мың теңге сомасында декларацияланбаған қаражат анықталды. 18 наурыз күні Тәжікстан азаматы 11 875 АҚШ долларын, ал 25 наурыз күні Қытай азаматтары 5 млн теңге, 416 юань және 1,7 млн теңге және 14 500 АҚШ долларын декларацияламағаны анықталды. Сәуірдің басында Қытай азаматы 15 500 АҚШ долларын декларацияламай алып өтпек болды.

Барлық фактілер бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгіленген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған еске салады.


Соңғы жаңалықтар
Референдум