«Нұр жолы» шеруіне қатысушылар 4 мыңнан астам шақырымды жаяу жүріп өтпек

АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Сәуір айында «Нұр жолы» атты бейбітшілік пен келісім шеруі аясында Қазақстан азаматтары Астанадан Амман және басқа да қалаларға аттанбақ.
None
None
Бұл туралы бүгін елордада аталған шараға байланысты өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне орайластырылып отырған шеруге қатысушылар ұзындығы 7007 шақырым жерді басып өтпек. Оның ішінде 4367 шақырымы жаяу жүріледі, ал қалған 2640 шақырымын шерушілер көлікпен аралайды. Шеруге барлығы 54 адам қатыспақ. Сапар барысында Қазақстан туралы фотокөрмелер ұйымдастырылады, жергілікті телеарналар арқылы біздің республикамыз туралы фильмдер көрсетіледі. 11 қалада «Бейбітшілік және келісім» шаралары ұйымдастырылады, олардың аясында жұртшылықпен кездесулер, «дөңгелек үстел» отырыстары қарастырылған. Шеруге қатысушылардың бірі Мұхтархан Әбдірайымовтың айтуынша, марш ешқандай саяси және діни ұрансыз өтеді. Оның басты мақсаты - Қазақстанның тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін және жетістіктерін кеңінен таныстыру. «Біздің арамызда жастармен қатар 57 жасқа дейінгі адамдар да бар», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар