12:00, 06 Маусым 2017 | GMT +5
Нұра ауданында мал ауруына байланысты шектеу енгізіледі - АШМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Нұра ауданында пастереллез ауруына байланысты Кәрім Мыңбаев пен Заречный елді мекендерінде шектеу енгізіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты ветеринарлық бақылау комитеті басшысының орынбасары Тұрсын Қабылдановтың айтуынша, аталған елді мекендерде 43 ірі қара малдың ауруға шалдыққаны анықталды. Оның 21-і өлген. «Бастапқы диагнозға сәйкес, мал пастереллез ауруына шалдыққан. Қазіргі кезде сынамалар алынып, екі бірдей зертxанаға жіберілді. Жергілікті жерде дезинфекциялық шаралар атқаралып жатыр. Диагноз расталса, оған қарсы вакцинамыз бар. Негізі, Нұра ауданындағы екі елді мекенде пастереллез алғаш рет анықталып отыр»,- деді Тұрсын Қабылданов.
Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен аталған елді мекендерде шектеу енгізіледі.