Нұрәділ Иманғалиев Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды

Нұрәділ Иманғалиев
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

АҚТАУ. KAZINFORM - Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ұжымға туризм басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Бұл лауазымға Маңғыстау облысының индустриялдық-инновациялық даму басқармасы басшысының инвестициялық-инновациялық саясат және сыртқы экономикалық қызмет мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Нұрәділ Иманғалиев тағайындалды. 

Нұрәділ Иманғалиев Астрахан мемлекеттік техникалық университетін «технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру» мамандығы бойынша, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «бизнес және басқару» мамандығының магистратурасын бітірген.

Еңбек жолын 2015 жылы Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы Дон тау-кен байыту «Қазхром ТҰК» АҚ филиалының комбинатында автоматтандыру инженері болып бастаған.

Маңғыстау облысы әкімдігі
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

2016 жылы Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының инвестициялық және инновациялық саясат және сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.

2017 жылдың қарашасынан 2018 жылдың наурызына дейін мемлекеттік органдармен жұмыс департаментінде Ақтау теңіз порты бас менеджері болып жұмыс істеді.

2018 жылдың наурыз-қараша айлары аралығында Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының инвестициялық және инновациялық саясат және сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің бас маманы.

2018 жылы қараша айынан 2019 жылдың желтоқсан айына дейін Маңғыстау облысы әкімі аппаратының талдау және өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы болды.

2019 жылдың желтоқсан айынан 2020 жылдың қазан айына дейін Маңғыстау облысының Инвестициялар және туризмді дамыту басқармасының инвестициялық-инновациялық саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2020 жылдың қазан айынан 2022 жылдың ақпан айына дейін Маңғыстау облысының инвестициялар және даму басқармасы басшысының инвестициялық-инновациялық саясат пен туризмді дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

2022 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының инвестициялық-инновациялық саясат және сыртқы экономикалық қызмет мәселелері жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар