Нұралы Әліп «Зенит» сапында Ресей чемпионы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Зенит» (Санкт-Петербург) командасы сапында футболдан Ресей чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресей біріншілігінің 27-турында «Зенит» өз алаңында Мәскеудің «Локомотивін» қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұл матчта Нұралы Әліп бірінші таймда алаңға шықты.

Осы ойыннан кейін 61 ұпай жинаған «Зенит» қалған үш турдың нәтижесіне қарамастан, төртінші рет қатарынан чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Биыл «Қайраттан» «Зенитке» ауысқан 22 жастағы Нұралы Әліп Санкт-Петербург клубы құрамында Ресей премьер-лигасында жеті кездесу өткізді.

Ақтаулық «Каспий» клубының түлегі Н.Әліп 2020 жылы «Қайрат» сапында Қазақстан чемпионы атанған болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Қызылжар» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар