Нұралы Құдайбергенұлы: Таяуда роботтар заңдар мен заңдылықты ашуды үйренеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресей ғалымдары роботтарға ой мен мәнді пайдалануды үйретеді. Бұл туралы Инновациялық интеллектуалды технологиялар академиясының бас директоры Нұралы Құдайбергенұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұралы Құдайбергенұлы: Таяуда роботтар заңдар мен заңдылықты ашуды үйренеді

"Болашақта бізді роботтар әлемі, жасанды интеллекті әлемі күтіп тұрғанын білеміз. Сондықтан қазірдің өзінен-ақ білім беру мектептерінде аталған жасанды нысандармен шынайы қарым-қатынас, дұрыс түсініктің болуын және оқу барысын дұрыс ұйымдастыруды енгізу қажет. Қазіргі уақытта әлемде санау мүмкіншіліктері бар машина - роботтардың өте мол саны жасалған. Олардың басым бөлігі күрделі емес іс-қимыл алгаритмі бар қарапайым қайталанатын операцияларда, үлгілерді тануда адамды алмастырып жүр. Бұл роботтардың кейбірі шахматта және басқа да ойындарда адамнан да басым түсіп жатады. Дегенмен, роботтар нақты сөздің нақты мәніне келгенде адам сияқты мықты бола алмайды. Біздің өзіміз де көптеген терминдерді, түсініктер мен категориялардың мәнін ұғына бермейміз. Сондықтан роботтар өздерінің мәліметтер базасын жаңа мәндермен, жаңа алогоритмдермен, жаңа тәжірибемен толықтырып отырады. Дегенмен әзірше адамның миі мен ойлау қабілетінің жұмысының мәнін ашпайынша жасанды интеллекті жасай алмаймыз", - деді ғалым.

Оның атап өтуінше, әлемнің көптеген университеттері мен зертханаларында параллельді есептеулерді орындайтын, күрделі таулы жерлермен қозғала алатын, адамның жұмыстарын жылдам әрі нақты орындай алатын роботтармен жұмыс істеуде. Бірақ, нақты бір жағдайда шешім қабылдау тек қана адамға тән болып отыр.

Н. Құдайбергенұлының айтуынша, өткен ғасырдың 70-80-ші жылдарында Кеңес одағында көптеген ғалымдар жасанды интеллекті проблемаларын шешті. Олардың бірі адамның ойлауын қалыптастыруда бірегей кеденді әдіспен қарастырған талантты ғалым Б.Қойшыбаев болды. Ол ойлауды ұқсастық және айырмашылық, мағына және мән, заң және заңдылық деп үш бөлікке бөлді.

Ал Пермьде келесі талантты ғалым О. Мухин бағдарламалаудың жаңа әдісін "Стртум" нұсқаулығын жобалау тілін іс жүзінде құрды. Екі талантты ғалым Пермьде кездесіп, білімдерін алмасқаннан кейін әлем жаңа жаңалықпен толықты, жасанды интеллекті тілінің әдістемесе жасалды.

"Қазіргі уақытта "Стратум" тілінде цифрлық контенті, мониторингілеу жүйесі және жасанды интеллекті элементтері бар "Цифрлық мектеп", "Цифрлық ЖОО" құрылды. Яғни бұл көпқызметті жасанды интеллекті құруға болатын цифрлық мәдениеттің жаңа деңгейі. Бұл жүйені мектептен бастап қолдануға болады. Келесі қадам сөздерді, қайталанатын фактілер мен құбылыстар негізінде мән мен мағынаны, одан ары заң мен заңдылықты анықтауға қабілетті машина құру болмақ", - деді Н. Құдайбергенұлы.