Нұрасыл Төлебек Сербиядағы Belgrade Winner халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

АСТАНА. KAZINFORM - 60 келідегі Нұрасыл Төлебек осы жарыс аясында төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында үздік шықты. Бұл туралы Бокс федерациясы хабарлады.

а
Фото: Бокс федерациясы

Финал. Кубалық Луис Энрике Винсентті 5:0 есебімен жеңді.

1/2 финал. Эрик Арстамяннан (Армения) 4:1 нәтижесімен айласын асырды.

1/4 финал. Канадалық Ааян Кхокарды 5:0 есебімен жеңді.

1/8 финал. Түркия өкілі Селахатдин Чинибулактан 3:1 көрсеткішімен басым түсті.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасы оныншы туры мәресіне жетті.