Нұрбанктен ұрланған 100 мың доллар табылды
АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - «Нұрбанк» АҚ-тан ұрланған 100 мың доллар табылды, деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, банк қызметкерлері 14 мамыр күні 100 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаржының жетіспейтіндігін анықтаған. Ақша инкассаторлардан толық көлемде алынғаннан кейін жоғалған.
Жедел іздестіру шаралары барысында 15 мамыр күні Алматы қалалық ІІД Криминалды полиция қызметкерлері 1990 жылы дүниеге келген банк кассирін ұстады. Ол өз кінәсін ойындап, ақша банкке қайтарылды.
Қазіргі уақытта ұсталған адам қалалық ІІД-нің уақытша оқшаулау орнына қамалды.