Нұрбек Әжімбайдың анасы: Меніңше, нағыз қылмыскер бостандықта жүр

АСТАНА.ҚазАқпарат - Астанада медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деген айыппен 20 жылға сотталған Нұрбек Әжімбайдың анасы өз ұлының бұл іске қатысы барына сенбейді.

Нұрбек Әжімбайдың анасы: Меніңше, нағыз қылмыскер бостандықта жүр

«Ол ешкімнен қорықпайды, шындық бәрібір жеңеді. Біз халықаралық сотқа дейін жетеміз. Барлық инстанцияларды өтеміз. Менің ұлымның кінәсіздігін дәлелдеп шығамыз», - дейді Нұрбек Әжімбайдың анасы Сауле Сатыбалдиева тілшілерге берген сұхбатында, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Айта кетейік, сот барысында қылмыс жасады деген күдікпен жауапқа тартылған Нұрбек Әжімбай,  Виталий Шерстенев пен Андрей Тихоненколарға 11-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Нұрбек Әжімбай 20 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды.

«Мен талай хат жаздым, дегенмен ешкім бұған көңіл аудармады. Меніңше, нағыз қылмыскер бостандықта жүр. Ұлым кінәсіз екеніне сенемін», - деп атап өтті ол.