Нұрбек Қабдікәрімов ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы болып тағайындалды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы болып Нұрбек Қабдікәрімов тағайындалды.
Қазақстан Ішкі істер министрінің бұйрығымен ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы лауазымына әділет полковнигі Нұрбек Қабдікәрімов тағайындалды.
«Нұрбек Төлеубекұлы 1982 жылы 21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 2000 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.
Ведомство дерегінше, Нұрбек Қабдікәрімов әр жылдары Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстары мен Астана қаласының қылмыстық-атқару жүйесінде түрлі басшылық қызметтерді атқарған.
Ал басқарманың бұрынғы бастығы, әділет полковнигі Жанболат Кәлетаев зейнеткерлікке шықты.
Еске салсақ, осыған дейін Түркістан облысының Төлеби ауданына жаңа әкім тағайындалғаны хабарланған.