Нұрбек Қабиев тоғызқұмалақтан Суперлига жарысының жеңімпазы атанды
АЛМАТЫ. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Қостанайда Наурыз мерекесіне орай тоғызқұмалақтан республикалық «Суперлига» жарысының 1-ші кезеңі өтті.
Еліміздің ең үздік 6 спортшысы қатысқан бұл бәсекеде ақтөбелік Нұрбек Қабиев жеңімпаз атанды.1986 жылы 29 наурыздаөмірге келген спорт шебері ұлттық рейтингте 2639 ұпаймен 2-ші орында келе жатыр. Жаттықтырушылары - Қабидолла Нұршин мен Диана Кенина. Бұған дейінол 2010 жылы Астанада өткен І Әлем чемпионатында 3-ші орын (блиц) алды. 2008 жылы Шымкентте болған Қазақстан чемпионатында 2-ші орынды еншілесе, 2011 жылы Павлодарда чемпиондық атаққа қол жеткізді. Сондай-ақ Астанда өткен ҚР Президенті жүлдесі өткен жарыста 3-ші орынды, былтыр Ақтөбеде болған ҚР Кубогында 1-ші орынды иеленген еді.
Биыл тұңғыш рет ұйымдастырылған Суперлига додасына Нұрбектен басқа халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Ғалымжан Темірбаев, Айдос Сейітжан, Серік Ақтаев, Хакімжан Елеусінов және спорт шебері Жанат Қаймулдин қатысты.