Нұрбек Оралбай мен Қытайдағы қандасымыз әлем чемпионаты финалында алтынға таласады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкентте ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Нұрбек Оралбай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта Токио олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік Имам Хатаевпен бокстасты.

Екі раундта басымдық түгелдей Нұрбекте болды. Қорытынды есеп - 4:1.

Осылайша, 80 келіге дейінгі салмақта финалда қос қазақ - Нұрбек Оралбай мен қытайлық Тоқтарбек Таңатхан алтын жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық бес боксшының әлем чемпионатының финалына шығу үшін таласатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан алғашқы болып Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының финалына шықты.

Сонымен бірге Махмұд Сабырхан, Дулат Бекбауов және ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов те - финалда.


Соңғы жаңалықтар